Эхиноккоздың алдын алу
Эхинококкоз – созылмалы ағымды, бауырды, өкпені және басқа мүшелерді зақымдайтын паразиттік ауру, көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, бұл мүгедектікке әкелуі немесе асқынған жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін.
Адамдар үшін эхинококкоздың негізгі көзі — иттер, сирек жағдайда қасқырлар, түлкілер. Аурудың қоздырғышы – Echinococcus granulosus гельминті.
Адамдар жұқпаны ауырған жануарлармен (иттер, ірі және ұсақ қара мал, жабайы жыртқыштар) байланыс кезінде, жабайы жидектер мен шөптерді жинау және жеген кезінде, теріні өңдеу кезде, гельминт жұмыртқасымен ластанған бұлақтардың немесе су қоймасының суын пайдалану кезінде жұқтырып алуы мүмкін. Иттер эхинококкоз ауруын құрт өсінділерімен зақымданған жануарлардың ішкі мүшелерін жегенде жұқтырып алады.
Аурудың берілу факторлары – лас қолдар, кейде көкөністер, жемістер, көкшөптер. Ауыл тұрғындары, аңшылар, иттермен байланыста болған адамдар және балалар эхинококкозды жұқтыру қаупі жоғары топқа жатады.
Эхинококкозды жұқтыру үй ауласында серуендеу кезінде ауру иттердің жүндеріндегі эхинококкок құртарын жұқтырып алған сау иттер арқылы болатынын да әрқашан есте ұстаған жөн. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтамаудан паразит жұмыртқасы тағаммен немесе сумен ішке өтеді. Бала итпен немесе эхинококкоз қоздырғыштарымен ластанған ойыншықтармен ойнаған кезде, паразиттің жұмыртқасы аузына түсуі мүмкін. Егерде бір бөлмеде итпен бірге мысық болса, оның жүнінде де гельминт жұмыртқасымен болуы мүмкін.
Аурудың белгілері таспа құрттың орналасуына байланысты. Бауырды зақымдағанда кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады.
Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы анықталады. Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады. Емдеуден кейін эхинококкозбен ауыратын науқастар диспансерлік еспте тұруы керек.
Эхинококкозды ерте анықтау мақсатында ветеринариялық қызмет, ет комбинаттары, мал сою пункттері, мал өсірушілер, аңшылар, ит өсірушілер және олардың отбасы мүшелері жыл сайын эхинококкозға зертханалық тексеруден өтуі қажет.
Эхинококкоздың алдын алу мақсатында келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
— жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау: иттермен және кез келген басқа жануарлармен байланыста болған сайын немесе бақшада жұмыс істегеннен, аулада ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
— балалардың қаңғыбас иттермен ойнауына жол бермеу;
— ашық су қоймаларынан су ішпеу;
— тағамға қолданылатын көкөністер мен шөптерді, жидектерді жақсылап жуу;
— үй иттерін дегельминтизациялауды жүргізу.
Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,
Қарағанды қаласы
Қазыбек би атындағы ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы