«Кітапханашылар әулеті – руханияттың шамшырағы»

Қарағандыда «Қазыналы орда әулеттері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазыналы орда әулеттері» республикалық кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Бұл байқау кітапхана ісін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан, өз мамандығын өмірлік мұратқа айналдырған жандардың еңбегін дәріптеуге бағытталған. Шараны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды.

Байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 21 бейнежұмыс жолданып, екі номинация бойынша бақ сынады:

«Кітапханашылар әулеті. Династии библиотекарей»

«Менің отбасымда кітапханашы бар».

«Кітапханашылар әулеті» номинациясының жеңімпаздары:

Гран-при – Ақмолдина Әсем Құрақбаевна (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі);

І орын – Қыдырманова Ақнұр Сабырқызы (Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, №2 үлгілі кітапхана-филиалы);

ІІ орын – Валиева Любовь Петровна (Қостанай қаласы, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана);

ІІІ орын – Омарова Әсел Мұхамедқаировна, Башай Таңнұр, Сақыбаева Шекер Нұрғалымқызы (ШҚО, Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана).

Ынталандыру сыйлықтарына ие болғандар:

Кабельдинова Сабина Рейнатовна, Бахытжан Майгүл, Бем Ирина Александровна (Нұра аудандық кітапханалар жүйесі);

Шаймерденова Әсем Жанахметқызы, Нұрмағанбетова Шарбат (Қарқаралы аудандық кітапханалар жүйесі, Көктас ауылы).

«Менің отбасымда кітапханашы бар» номинациясының жеңімпаздары:

Гран-при – Амангелдинова Аяжан Талғатқызы (Балқаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесі);

І орын – Сеченева Жанна Дмитриевна (Е.А. Бөкетов атындағы университеттің журналистика факультетінің студенті);

ІІ орын – Төлеутай Алина Берікболқызы (Қарағанды қаласы, Қан орталығының маманы).

Жігері мен талпынысы үшін арнайы сыйлықтарға ие болғандар:

Завистовская Ольга Александровна (Осакаров ауданы, Николаевка ауылы), Тұрсынхан Аиша Ерболқызы (Үштөбе тірек мектебі), Ескараева Жаңыл Булқайырқызы (Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық кітапханасы), Аждарова Аяулым Сырымқызы («Алданыш» балабақшасының музыка жетекшісі).

Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталып, марапат иелеріне жылы лебіздер айтылды. Шара барысында №2 балалар өнер мектебінің эстрадалық вокал пәнінің оқытушысы Кошугулова А.С. тамаша әнмен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кітапханашы — руханияттың шамшырағы, оқырманның сенімді серігі.

Бұл игі шара кітапхана ісінің асыл дәстүрін дәріптеп, рухани мұраның жалғастығын қамтамасыз ету жолындағы еңбектің қадірін тағы бір мәрте айқындады.

Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы,

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жаңашылдық және әдістемелік бөлімінің басшысы