МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ДЕБЮРОКРАТИЯЛАНДЫРУ БОЙЫНША ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне кіретін салалар бойынша талдау жүргізілуде.


Талдау жұмыстары мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, дін саласындағы қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, мемлекеттік рәміздер, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, сондай-ақ ақпарат, онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама салаларын қамтиды.

Кездесу барысында жұмыс тобының қатысушыларына ұсыныстар енгізу тәртібі түсіндіріліп, тиісті әдістемелік ұсынымдар берілді.