Интернет алаяқтығы өршіп тұр

Ағымдағы жылдың 4 қараша күні Қарағанды қаласының полиция басқармасы басшылығының бастамасымен Қарағанды қалалық әкімдігінде қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Қарағанды қаласының әкімі Ермаганбет Бөлекпаев, әкім орынбасарлары, Қазыбек би ауданы прокуратурасының прокуроры Арман Аханов, қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Ескендір Аубакиров, жергілікті полиция қызметі бөлім бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Мұхамеджанов, сонымен қатар «Halyk bank», «Forte bank», «Kaspi bank», «Center Credit bank» бөлімшелері өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысы Қарағанды қаласының полиция басқармасы басшылығының қазіргі уақытта елде белең алған интернет алаяқтық қылмыстарының көбейуіне байланысты қалалық маслихат депуттатарына шыққан хатына сәйкес ұйымдастырылды

Кеңес барысында аталған қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу шаралары талқыланды. Қарағанды полиция қызметкерлері тарапынан Kcell, Akniv, Beeline және де басқа ұялы байланыс желісі арқылы азаматтардың нөміріне алаяқтық қылмыстарынан сақтану туралы хабарландыру жолдау мәселесі көтерілді. Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығы Ескендір Аубакиров өз баяндамасында әлеуметтік желі арқылы онлайн несие рәсімдеуге өзгерістер енгізу туралы толық тоқталып өтті. Сонымен қатар аталған мәселе төңірегінде прокурор Арман Ахановтың және банк өкілдерінің пікірлері тыңдалды.

Қалалық мәслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов қазіргі таңда несиеге тым оңай қол жеткізілетінін ескере отырып, полиция басқармасы ұсынған алдын алу шараларына мәслихат толық қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Жұмыс кеңесі соңында мәслихат депутаттары алдағы уақытта полиция қызметкерлерімен бұл бағытта өзара ынтымақтастықта жұмыс атқаратындықтарын тілге тиек етіп,кеңеске қатысқан барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдірді.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ,

Қарағанды қаласының ПБ