Мәслихаттар депутаттығына шығып қалғандардың орнына кандидаттардың НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, «КЕНТ» Баспана үйі» ЖШС сайлау алдындағы үгіт аясында барлық мәслихат депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы материалдарын газетте жариялай алатынын назарға алады.Облыстық «Qaragandy habary» газетінің 1 шаршы см алаңының құны 120 теңгені құрайды. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға газет алаңын беруге бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазылған жазбаша өтініш негіз болып табылады. Сайлау алдындағы материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс екенін еске саламыз.