Олжас Бектенов: Президент Жолдауда жаңа инновациялық және инфрақұрылымдық өзгерістерді айқындап берді
Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шараларға арналған Үкімет отырысында Премьер-министр жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап өтті.
«Президент Жолдауда жаңа инновациялық және инфрақұрылымдық өзгерістерді айқындап берді. Қойылған міндеттерді шешу үшін, ең алдымен, елімізге тартылатын инвестициялар ағынын арттыру керек.
Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап өтті.Сондықтан біз өте қысқа мерзімде инвесторлармен бірыңғай өзара іс-қимыл тетігін құрып, инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңартуымыз керек»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр инвестициялар аясында тартылған әрбір теңге нормативтік актілермен және оңтайлы тәжірибемен бекітілген мықты кепілдіктермен қорғалуға тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте ЖИ қолдану инвестицияларды барынша тиімді пайдаланатын салаларды айқындауға және олардың практикалық тәжірибесін экономиканың басқа салаларына таратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экономиканың жоғары технологиялық салаларына инвестиция тарту үшін арнайы іс-шаралар, оның ішінде преференциялар көзделуі тиіс.
Премьер-министр бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан тиісті бағдарламаға негіз болатынын атап өтті.