Үкімет отырысында Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды.

 Баяндамашылар:

▫️Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин,
▫️цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев,
▫️өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев,
▫️энергетика министрі Ерлан Ақкенженов,
▫️ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров,
▫️көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров,
▫️су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов,
▫️еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова,
▫️оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,
▫️ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек,
▫️туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов,
▫️денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тыңдалады.

 

#Жолдау2025
#Послание2025