Қарағанды облысында жаңа мектептер бой көтеруде

Білім беру инфрақұрылымын дамыту – Қарағанды облысында басты басымдықтардың бірі. 2024 жылы өңірде 40 жаңа мектептің құрылысы басталғаны белгілі болды. Бұл туралы сала мамандары ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешовпен кездесу барысында айтты. Жаңа білім ұялары ауыл мен қала арасындағы білім алуға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Қарағанды облысында 2024-2025 жылдары білім беру саласын дамыту бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова мәлімдеді. Аталған бастамалардың бірі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс. Биылдың өзінде өңірде 401 жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл – заманауи талаптарға сай білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

– 2024 жылы Қарағанды облысында төрт жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Соның бірі – Оңтүстік-Шығыста бой көтерген №19 мектеп. 2000 оқушыға арналған бұл білім ордасында оқу жылын 1 700 бала аяқтады. Мектеп 2024 жылдың қыркүйегінде есігін айқара ашып, мамыр айында ресми лицензиясын алды. Екінші жаңа нысан – Майқұдықтағы мектеп. Бұл білім мекемесі ата-аналардың сұранысын ескере отырып салынған. Үшінші мектеп – Гүлдер ықшамауданындағы оқу орны. Ол да «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп, қазіргі уақытта лицензиялау кезеңінен өтіп жатыр. Жаңа мектептер заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасалған. Бұл – өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі, – деді Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова.

– Халықтың құрылыс сапасы мәселелері бойынша алаңдаушылығына байланысты депутаттық корпус Ұлттық жобалар шеңберінде салынған және құрылыс сатысында тұрған проблемалық объектілерге жұмыс сапарларын өткізу туралы шешім қабылдады, – деп қосты Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов.

2024 жылы Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласында жоспарлы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. 2024-2026 жылдарға арналған арнайы жоба аясында медицина қызметкерлерінің тапшылығын азайту мақсатында нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жас мамандарды тарту үшін бюджеттен 419 миллион теңге қарастырылып, кадрларды қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

– Бізде кадр мәселесі оңтайлы шешілуде. Облыс аймақтарының шалғай аудандарындағы ауруханаларға жас мамандарды жіберіп жатырмыз. Оларға 1 жарымнан 8 млн-ға дейін қаржылай қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Кенжебаев.

– Самат Меңдібайұлы жаңа айтып кеткендей, бізде осы жылы бұл жобалар аяқталады. Енді экономиканы әлеуметтік саланы дамыту одан әрі жалғасу керек, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов.

Жиында көтерілген аймақтың кейбір мәселесі сенаттың кезекті отырысында қаралатын болады деп сендірді сенатор.

Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,

«QH»