Фейк: «Pfizer компаниясының бас директоры алаяқтық үшін қамауға алынды»

What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтар Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурланың тұтқындалғаны туралы ақпарат таратуда. Оған алаяқтық жасады және фармкомпаниялардың акцияларын қасақана арзандатқан деген айып тағылған. Бұл жалған.

Альберт Бурланың тұтқындалуы туралы жаңалық алдымен ConservativeBeaver.com порталында шықты. Бұл портал қастандық теориялары мен фейк жаңалықтар жариялайды. Мысалы, ол болмаған ұшақ апаты немесе адам өлтіргені және балалар порнографиясын таратқаны үшін актер Алек Болдуинді қамауға алғаны туралы жаңалықтар таратқан.
Pfizer компаниясының бас директоры қамауға алынды деген ақпарат таратылған күні, 5 қарашада, ол бірнеше рет көпшілік алдына шыққан. Мысалы, CNN және CNBC телеарналарының эфирінде сөз сөйлеген.  Ол COVID-19-ға қарсы жаңа тәжірибелік дәрі туралы айтты.
Сондай-ақ, Альберт Бурла қамауға алынды деген күні, 5 қарашада, Twitter-де белсенділік танытып, компания әзірлеп жатқан вирусқа қарсы препарат туралы егжей-тегжейлі жазған. 
Бірде-бір ресми БАҚ Pfizer компаниясының бас директорын қамауға алу туралы хабарлаған жоқ. Сонымен қатар, Альберт Бурла алаяқтық жасады деп күдіктеліп отырғаны жайлы сенімді дереккөздеп жазбаған.
Snopes және Techarp басылымдары да оны қамауға алу туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Қорыа айтқанда, Pfizer компаниясының бас директоры алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынғандығы туралы ақпарат фейк.