2025 жылы зейнетақы қаншалықты өседі?

Келер жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгеретінін көп адам білуге қызығады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2028 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайын өсіп, күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін жетеді. Ал ең жоғарғы мөлшері 120%-ға дейін артады.

Зейнетақының өсуі базалық және ынтымақты бөліктерінің қосындысына байланысты. Биыл базалық зейнетақы 6,5%, ал ынтымақты зейнетақы 8,5% өседі. Бұл өсімдерді қосып, келер жылға жалпы өсімді есептеуге болады. Мысалы, қазіргі ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңге болса, ең жоғарысы 50 851 теңге деңгейінде.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2028 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 70%-дан 120%-ға дейін өсетін болады.

Құралай ӘЛЖАППАР,

«QH»