Экологтар күні мен «Таза Қазақстан» акциясының маңызы
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, сондай-ақ елімізде Экологтар күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн табиғатты аялау мен оны қорғауда еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіретін маңызды күн.
Осы орайда айта кетейік, Президент тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды шара. Бұл экоакция қоршаған ортаны жақсарту, елді мекендерді тазалау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Қалалар мен ауылдарда қоқыс тазаланып, ағаштар отырғызылып, рұқсат етілмеген полигондар жойылады. Бұл – табиғатқа деген жауапкершілікті арттыратын нақты әрекет.
Қарағандыда экологиялық ахуал жақсару үстінде. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды қаласында рұқсат етілмеген қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыста экология саласындағы жастар бастамалары да белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қарағанды Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Табиғатты аяла» кездесуінде студенттер, белсенділер және экологиялық ұйымдардың өкілдері экологиялық проблемаларды талқылап, шешу жолдарын ұсынды.
Жергілікті билік пен қоғамның бірлескен әрекеттері арқылы Қарағанды қаласының экологиялық ахуалын жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалуда.
Табиғатты аялау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!