Қаржы есептілігіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған шараға «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ және оның Қарағанды облысы аумағындағы ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде заңнама нормалар бұзушылықтарының алдын алуы және оның болдырылмауы бойынша бірлескен жұмысты кеңейту.

Дөңгелек үстел барысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Гульмира Туленова қатысушыларды «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындыларымен таныстырды.

Аталған тақырыптың маңыздылығын айта отырып, дөңгелек үстел осы саладағы проблемалардың өзектілігін жақсы түсінуге және оларды шешу жолдарын ұсынуға көмектесетінін атап өтті.

Бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі шоғырландыру периметріне кіретін өзіне ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің жиынтығы.

Осыны басшылыққа ала отырып, әрбiр мекемеге ақпараттың дұрыстығын және қаржылық есептiлiкте деректердiң толық көрсетiлуiн қамтамасыз ету маңызды, бұл әрбiр мекеменiң нақты қаржылық жағдайын одан әрi көрсете отырып, тұтастай алғанда облыс бойынша деректердiң дұрыстығын қамтамасыз етедi.

Ұйымдардың қаншалықты сәтті жұмыс істеуі көбінесе бухгалтерлік есептің сауаттылығына байланысты, оны қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің барлық қабылданған принципін дәл сақтау қажет.

Республикамызда есепке алу мен есептілікті нормативтік реттеу қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына бағдарланған.

Халықаралық стандарттардың қолайлы ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесіне көптеген өзгеріс енгізілді.

Бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың негізгі қағидаттары – қызметтің есептелуі және үздіксіздігі. Осы қағидаттарды сақтамау мекеменің мүліктік жай-күйінің көрінісін бұрмалайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржылық есептілік аудиті шеңберінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ атынан Білім басқармасының өзінің, сондай-ақ оған ведомстволық бағынысты 7 білім беру объектісінің қаржылық есептілігі қамтылды.

Аудит қорытындылары бойынша қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалауларының жалпы сомасы 13 млрд. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар және өтелуге жататын бұрмалаулар – 7,7 млн. теңге, есепке алу бойынша қалпына келтірілу – 12,7 млрд. теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 294,8 млн. теңге.

Аудит барысында қабылданған шаралармен қателерді түзету және есепке алынбаған операцияларды бухгалтерлік есеп жүйесінде 12,7 млрд. теңге немесе 100% сомаға көрсету жолымен бухгалтерлік есеп бойынша жазбаларды қалпына келтіру қамтамасыз етілді. Өтелуге жататын соманың 7,1 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілді. 0,6 млн. теңге сомасындағы өтелмеген шығынның қалдығы тексеру комиссиясының бақылауында.

Дөңгелек үстелдің ауқымды күн тәртібі шеңберінде дебиторлық және кредиторлық берешекті, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға, сондай-ақ қаржылық есептілікті дайындауға қатысты мәселелердің түрлі аспектісі талқыланды.

Есептілікті шоғырландыруға қатысты түсініктемелер берілді, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасының нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Уақытылы дайындалған және сенімді қаржылық есептілік ақша ағындарын басқару қабілетін бағалауға, қызметтің тұрақтылығын сақтауға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «сұрақ-жауап» форматында интерактивті қарым-қатынас жүргізілді, оның барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер мен тақырыптар бойынша жан-жақты және сындарлы пікір алмасу болды.

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мемлекеттік аудит объектілерінің өкілдері сөз сөйледі.

Қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбына үлкен қызығушылық танытты.

Қатысушылар талқыланған мәселелердің практикалық мәні мен маңыздылығын атап өтіп, алдағы міндеттерді, заңнамадағы маңызды өзгерістерді сауатты талқылауға, өз ұсыныстарын білдіруге және қызықтыратын сұрақтарға жауаптар тыңдауға болатын кездесулердің тиімді жақтарын көрсете отырып, дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ақпараты негізінде