«Тұрғынүй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасының «Тұрғынүй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығымен «Тұрғынүй сертификаттарын беру ережелері» (бұдан әрі – Ережелер) бекітілген.

Ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар жаңа (бастапқы) тұрғынүй сатып алуға арналған бастапқы төлемін жабуға әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсыну қарастырылған.

Әлеуметтік көмек — отбасының орташа табысы соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспаған жағдайда қарастырылады.

Бұл – «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасын жабуға азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек сомасы 10 % пайздан, бірақ 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

Келесі санатқа беріледі:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

3) толық емес отбасылар жатады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін Сізге «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»ММ жүгіну қажет. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама бойынша тұрғын үй сертификатын алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Поспелов көшесі, 16, кааб мекен-жайына хабарласыңыз.10. жұмыс кестесі: дс-жм 9.00-18.30, түскі үзіліс 13.00-14.30, анықтама телефоны: 567227 немесе тұрғылықты жер бойынша ХҚҚО-ға.