Көппәтерлі үйлерді басқару құқығы өзгерді
Газетіміздің кезекті сұхбатын Қарағанды қаласының тұрғынүй инспекциясы бөлімі басшысы Жайназаров Болатбек Қазыбекұлынан алдық. Бөлім басшысы Қарағанды қаласы бойынша көп пәтерлі түрғын үйлердің пәтер иелерінің «Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі» – (ММИБ) және «Жәй серіктестік» – (ЖС) жаңа меншік нысанына көшуі туралы ақпарат берді.
— Болатбек Қазыбекұлы, ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жаңа талаптар мен заңнамаға толықтырулар енгізілгенін білеміз. Осы туралы толықтырып айтып берсеңіз.
— Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Қабылданған Заң аясында басқарудың тек екі нысаны қарастырылған:
- «Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі» (ММИБ) – бір көппәтерлі тұрғынүй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіпұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй – бір ММИБ – бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым.
- «Жай серіктестік» (ЖС) – заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір ЖС – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.
— Яғни, ММИБ немесе ЖС құру тұрғындардың еркіне қарай таңдауға беріледі ме?
— Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үйжайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір ММИБ немесе ЖС құруға құқылы.
ҮИК(ПИК), ҮИТК(ПИТК), ТК өз қызметін 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін ҮИК(ПИК), ҮИТК(ПИТК), ТК акт бойынша КПТҮ кеңесіне барлық қолда бар техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беруі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуі тиіс.
— Түсінікті. Енді осы екеуін ажыратып, халыққа түсіндірсек, нұр үстіне нұр болар еді. Әуелі, «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің» ерекшеліктеріне тоқталсаңыз.
— Иә, әрине. «Мүліктің меншік иелері бірлестігі» – мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады.
Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) жиналыс хаттамасы;
3) мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады.
ММИБ-ны мемлекеттік тіркеу мерзімі, қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде дайын болуға тиісті.
— Жауабыңызға көп рақмет! Ендігі кезекті «Жай серіктестікке» берсек.
— «Жай серіктестік» – кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үйжайларының меншік иелері жай серіктестік құрады. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет етеді. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады. Ол пәтерлердің, тұрғын емес үйжайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді.
— ММИБ мен ЖС артықшылықтарын айтып берсеңіз. Олардың бұрыңғы қызмет көрсету түрлерінен қандай өзгешелігі бар?
— Енді, ММИБ/ЖС жаңа меншік нысандарының артықшылықтарын айта кетсек, өздеріңіз білетіндей ПИК, ЖШС, ЖК т. б. басқару органдарында 10-нан 100-ге дейін көп қабатты тұрғын үй болатын және осы үйлерге бір есеп шот болғандықтан, жиналған қаражат қай үйдің жалпы мүлігін күтіп ұстауға жұмсалатыны жайлы ақпаратты пәтер иелері трапынан қадағалау өте қиын. Ал кей жерде, тіпті, мүмкін емес болатын.
Ендігі таңда, жоғарыда көрсетілген Заңның өзгерістеріне сәйкес, пәтер иелері жиналған қаражатты өздері қадағалап қайда жұмсайтынын өздері шешеді, яғни: бір үй – бір – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.
— Болатбек Қазыбекұлы, осы Заңдағы өзгерістерге сәйкес, Қарағанды қаласы бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
— Иә, біз осы Заң негізінде қабылданған өзгерістерге бейімделіп, тез арадажұмыстар кешенін бастауды қолға алдық.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, қала 12 секторға бөлінді, онда ММИБ/ ЖС құру процесін аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, әр үйдің белсенді бастамашыл тұрғындары арқылы дербес пысықталып, жұмыс жасалуда.
Қаланың тұрғынүй қоры әртүрлі басқару нысандары бар 2649 көп қабатты тұрғын үйді құрайды:
- 1122 үйге 87 ПИК қызмет көрсетеді;
- 528 үйге 39 ЖШС/ЖК қызмет көрсетеді;
- 999 үйді 20 ММИБ/ 979 ЖС қызмет көрсетеді;
Нақты аудандар бойынша алатын болсақ, келесідей нәтиже көрсетілуде:
Октябрь ауданы бойынша 589 (1059 МЖД-нің 56%) жаңа басқару нысандары құрылды (2 МИБ және 587 ЖС);
Қазыбек би ауданы бойынша 410 (1535 МЖД-дан 27%) жаңа басқару нысандары құрылды (18 МИБ және 392 ЖС);
— ММИБ және ЖС туралы халыққа ақпарат тарату деңгейі қандай?
— Тұрғынүй инспекциясы бөлімінің және аудандардың байланыс деректерімен қаланың орталық көшелеріндегі (Бұқар жырау даңғылы, Гоголь көшесі, Құрылысшылар даңғылы) аялдама павильондарында да билбордтар орнатылды. Газетте ММИБ/ЖС бойынша ақпараттық материалдар жарияланды.
Сонымен қатар, тұрақты негізде халық арасында БАҚ арқылы ақпараттық жұмыс жүргізілуде, тікелей эфирлер, паблик аккаунттар өткізілуде, сондай-ақ ММИБ төрағаларының қатысуымен ММИБ құру бөлігінде оң пікірлермен қалалық автобустардың экрандарында бейнероликтер көрсетілуде.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары ММИБ/ ЖС деген не екендігі туралы жеткілікті хабардар, бірақ негізгі проблема халықтың белсенділігінің төмендігі болып отыр.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қарағанды қаласының тұрғындарына жүгінгім келеді: «Пәтер иелерінің кооперативі» — ПИК сияқты басқару органдары өзектілігін жоғалтуда. Біздің тұрғындарға үйді басқару және күтіп ұстау мәселелерін өз қолымызға алатын кез келді, өйткені біздің үйлерде ММИБ және ЖС құрудың негізгі артықшылықтары шаруашылыққаржылық қызметті толық бақылау болып табылады.
— Өте жақсы. Ал алдағы уақытқа құрған қандай жоспарларыңыз бар?
— Жыл аяғына дейн ММИБ/ЖС жаңа меншік нысандарын аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, қаланың барлық көп қабатты түрғын үйлерінде құру жоспарланып отыр.
Аталған сұрақ қала әкімі Е. Бөлекпаевтің жеке қадағалауында.
Жаңа меншік нысанын құру жайлы жиналыстар/жиындар өткізуді ұйымдастыру және толық ақпарат алу бойынша құрметті қала тұрғындары аумақтық тиесілігі бойынша хабарласа алады:
«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы әкімнің аппараты» ММ телефондары бойынша: 8(7212) 41-13-53, 8(7212) 30- 05-27, 8(7212) 42-11-55
«Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ телефондары бойынша: 8(7212)37-05-17, 8(7212) 37-08-19, 8(7212) 42- 11-55.
«Қарағанды қаласы тұрғынүй инспекциясы бөлімі» ММ: 8(7212) 42-11-55.
Сонымен қатар, «Қарағанды қаласы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде, нақты айтсақ бүгінгі таңда бөліммен ашық НҚА сайтында жарияланды.
Қараша айында Қалалық Мәслихаттың сессиясында депутаттар қолдауымен қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудан әкімдіктермен бірлесе отырып жалғасын табады.
— Сұхбат бергеніңізге рақмет, Болатбек Қазыбекұлы!
Сұхбаттасқан: Аружан АЛПЫСБАЙ.