«Қауіпсіз жол!» акциясы
Қарағанды-Сұрыптау станциясының қызмет ету аумағында ағымдағы жылдың 18-21 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол!» жедел профилактикалық шарасы жүргізілуде. Аталмыш акцияның мақсаты – пойыздардың адамдарды басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балаларды теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне дағдыландыру, халыққа, оның ішінде көлік объектілеріне жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарына теміржол қауіпті аймақ екендігі бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу.
Теміржол аумағы – қауіп-қатерге толы аймақ. Сондықтан пойыздардың адамдарды басып кету фактілерінің алдын алу мақсатында аталған «қауіпсіз жол» ЖПІШ өткізу өте маңызды. Шараны өткізу кезінде желілік полиция қызметкерлерімен бірлесе теміржол ұйымдарының қатысуымен азаматтардың теміржолды пайдалану барысында қауіпсіздікті сақтау тақырыбында халықпен кездесулері мен жолаушылар пойыздарында жолаушылармен теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін түсіндіру бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде.
Теміржолға жақын орналасқан елдімекендердегі тұрғындарға теміржолдағы жүріс тұрыс ережелерін сақтау, оның ішінде теміржол бойында орналасқан арнайы белгілерге назар аударуға, темір жолда берілетін дабыл беру дыбыстарына құлақ асуға, теміржолды арнайы өткелдер арқылы белгіленген жерлерде өтуін қатаң сұраймыз.
Ж.САДУАКАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау ст.желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының инспекторы, полиция майоры