Кәсіптік біліктілік

Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.

Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.

Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.

Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.

Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі