Ұлттық басылым күні

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2 ақпан – Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күннің ерекше тарихи мәні бар. Дәл осы күні, 1913 жылы, халқымыздың біртуар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлының бастамасымен Орынбор қаласында «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. «Қазақ» газеті тек ақпарат құралы ғана емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы, рухани жаңғырудың қайнар көзіне айналды.

Бүгінде қазақ баспасөзі сол асыл мұраның ізін жалғап, ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Баспасөз – халықтың үні, қоғам айнасы. Журналистика мамандығының ауыр жүгі мен үлкен жауапкершілігін арқалап, шындық пен адалдықты ту етіп келе жатқан барша әріптестерімізді осы мерекемен құттықтаймыз!

Сіздерге шығармашылық шабыт, сарқылмас қуат, мызғымас ынтымақ тілейміз! Ұлттық басылымдарымыз жасай берсін, ұлтымыздың рухани қазынасын байыта берсін!

Ізгі ниетпен,

Qaragandy Habary газетінің ұжымы