Хайуанаттар бағында жаңа тұрғындар

Қарағанды зообағындағы хайуанаттар қатары Бразза маймылы және ерекше кенгурулармен толықты. Мұндай жануарлар Қазақстандағы басқа мемлекеттік хайуанаттар бағында жоқ. Жануарлар Чехиядан әкелінді, оларды тасымалдау барысында жолда бірқатар қызықты жайт орын алған.

Қарағанды зообағында Бразза маймылдары мен альбинос валлаби кенгурулары пайда болды. Кішкентай кенгуру альбиносы табиғатта өте сирек кездеседі, ал хайуанаттар бағында тіпті сирек. Чехиядағы Хлебы қаласынан келген бұл жануарларды отбасымен әкелінді. Еркек кенгурудың құны 1 000 евро, ал ұрғашысы 1 700 евро болған. Австралияның нәзік әрі қыңыр тұрғындары жергілікті тағамға бір ай бейімделіп, қазір олар үйреніп қалды.

– Міне енді үш жылда зообағымыз көркейіп, жаңа нысандар салынды. Енді орын табылып, хайуанаттар қатары толықтырылуда. Маймыл, кенгуруды алдық. Екінші қабатта музей ашылып жатыр, зообаққа келіңіздер, – дейді зообақ зоотехнигі Әмин Алин.

– Биылғы жөндеу жұмыстары аясында оларға кең әрі үлкен вольерлер жасадық. Сондықтан оларды көшіруге орын бар. Ол вольерде көп жасыл желек пен ағаштар бар, – деп атап өтті Қарағанды зообағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Ал Бразза маймылдарының отбасы сол Чехия зообағынан келген сыйлық Қарағандыға шілде айында келуі керек еді. Алайда, әуежайға барар жолда бір ұрғашысы төлдеп қалады. Кеден арқылы тіркелмеген жануарды өткізбегендіктен, бүкіл отбасы Чехияға қайта оралуға мәжбүр болды. Кішкене маймылдың құжаттарын дайындау үшін үш ай уақыт өтті. Тек содан кейін оларды қайтадан ұшақпен жіберді. Ақ сақал мен мұрт үшін зоологтар оны әзілдеп ақсақал деп атайды.

– Әрине, бұл біздің зообағымыз үшін өте жаңа түр. Біз оларды өзіміздің бағымызда үй тапты деп айтуымызға болады. Оларға вольерді бейімдеу үшін жабдықтарды жасаймыз. Қазір бізде болат шеберлері мен дизайнерлер бар, олар оларға ерекше үй немесе гамак ойластырып жатыр. Олар демалу үшін, келушілерден және бізден тыныштық тауып, бәрі де маймылдар үшін болашақ жылы жасырын камералар орнатамыз, олар кешкі уақытта не істейтінін, біз бәріміз кеткенде не істейтінін бақылап отырамыз, – дейді зообақ директоры Гүлнар Адамбекова.

Маймылдар қызметкерлермен оңай байланысқа түседі және олар қаймақ, айран, салат пен асқабақ жегенді жақсы көреді, оның жейтін көкөністерін осындағы жұмыскерлер бақшада өсірген.

– Қарағандының зообағында істегеніме он бес жыл болды. Тар ғимаратымыз кеңейді. Былтыр қоңыр кенгуру алдық, биыл ақ кенгуру алдық. Келген келушілер алғыстарын жиі айтады. Көбелектердің мыңдаған түрі бар, мұндай маймылдар түрі біздің Қарағандыда ғана бар, – дейді зообақ зоотехнигі Әмин Алин.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                   

«QH»