Үй кезегі
Қарағанды облысында жыл қорытындысы бойынша 2023 жылғы деңгейге қарағанда 18% өсіммен бес жүз мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Үлкен үлес коммерциялық тұрғын үйге тиесілі, кезекте тұрғандар үшін 15 жоба іске асырылуда.
– 2024 жылы Қарағанды облысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің болжамды көрсеткіштері нақты көлем индексімен 106 пайызымен 565 миллиард теңгені құрайды. 10 айға құрылыс жұмыстарының көлемі нақты көлем индексімен 137,4 пайызбен 501,5 миллиард теңгені құрайды, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұрат Мағзин.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының айтуынша, 11 ай ішінде күтілетін құрылыс жұмыстарының көлемі 534,2 миллиард теңгені құрайды, нақты көлем индексі 132,3. Жыл қорытындысы бойынша нақты көлемінің индексі 110% немесе 593, 3 миллиард теңге болжанады.
– Қарағанды облысы бойынша 2024 жылға тұрғын үйді іске қосу жоспары бойынша 500 мың шаршы метрді құрайды. Былтырғыдан 18,2 пайызға өскен. Соңғы 10 айда осы жоспар бойынша 738 шаршы метр, яғни былтырғыдан 108 шаршы метр көбірек. Әкімшілікке қарасты қала аудандарда соңғы 11 айлық көлемі 450 шаршы метр болған, – деп атап өтті Мұрат Мағзин.
Биыл пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен коммерциялық тұрғын үй 76%, мемлекеттік тұрғын үй 10%, жеке тұрғын үй 14% құрайды. Облыс орталығының тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы жоспарындағы үлесі 77% құрайды. Облыс бойынша кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін 15 жалға берілетін тұрғын үй жобасы іске асырылуда. Несиелік тұрғын үй құрылысы да жалғасуда.
– Биылғы жылы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігін әзірледі. 2024 жылдан бастап жалға берілетін тұрғын үй жеке құрылыс салушылардан сатып алынады. Тұрғын үй мәселелерінің тез шешілуі үшін барлық жағынан жағдай жасалып жатыр, – дейді спикер.
Биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрған отбасылар үшін 1 097 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарлануда. 1 желтоқсанда жалпы сомасы 5,3 миллиард теңгеге 322 пәтер сатып алынды. Қалған қаражат жыл соңына дейін игеріледі. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»