Суретшімен кездесу
Өнерге қызығушылық білдіру, шығармашылыққа әуестену бос уақытты тиімді өткізу ғана емес, қандай да бір құқықбұзушылық қылмыс оқиғаларынан сақ жүру. Суретші мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен кездесуінде жасөспірімдерге сурет салуға әуестенудің пайдасын түсіндірді.
Суретші, музыкант Жанболат Бабақов бос уақытты өзінді дамыту жолында тиімді пайдалану, шығармашылық қырыңды ашу, қабілетінді жетілдіру жеткіншектер үшін маңызды дейді. Бала кезімнен шығармашылыққа қызығамын, Виктор Цой мен Владимир Высоцкийдің музыкасы мені гитарада ойнауға шабыттандырды, ал киноға деген сүйіспеншілігім сурет салуға итермеледі дейді. Сол қызығушылық жетегінде бойдағы күшті энергияны сезіну, өмірлік шешім дұрыс бағыт-бағдар айқындауға да септігін тиігізеді деген суретші бұл кездесудің де мақсаты сол жастарды, бойдағы қабілетті дамытуға шықырмақшымын, деді.
– Әр адам дүниеге келген кезде адам бойында ерекшелік болады. Бірі спортқа, енді бірі музыкаға әуес болады. Жаман әдеттен аулақ болып, адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытса, еліміз гүлденер еді, – дейді суретші, музыкант Жанболат Бабақов.
Бала кезінен шығармашылық ортада өскен Жанболат суретші болуды армандаған. Өнерде даму кезеңдерін біртіндеп өткеру маңызды деп есептейді суретші. Жалпы портрет салуға әуес екенін бірақ ол жанр қиын, дегенмен өте қызықты екенін айтып, жеткіншектерді шығармашылығымен таныстырды. Ол әдетте қара және ақ түстерді қолданады. Және картиналарыңда өзіңе көңіліңе жақын адамдарды бейнелеген, өзі табынатын шоқтығы биік әнші өнер адамдарының портретін салған. Суретші, музыкантпен емен жарқын дидарласқан Қарағанды кәсіптік колледжінің студенттері мен Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияның оқушылары бұл кештен тамаша әсер алдық, өнер өкілімен кездесу ұйымдастырғанына қуаныштымыз деді.
– Үлкен кісілер көп өмір көрген. Өнер адамы өз ойымен бөлісті, сурет салудың қыр-сырын айтты. Осындай дарынды азаматтар, Қарағанды қаласында бізбен бірге тұрады деген ойдың өзі бір қуаныш. Оқушыларға көп пайдасы тиген кеш болды деп ойлаймын, – дейді мектеп оқушысы Әлішер Серіков.
Жанболат Бабақов балалармен ашық пікір алысып, өнереге қатысты өзінді дамыту төңірегінде кеңесін айтып, ағалық ақылымен де бөлісті.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»