Мамандық – өмірлік жол
Біздің қаламызда өмірі мен тағдыры әрқайсымыздың ортақ өмірбаянымыздың бір бөлігіне айналып бара жатқан адамдар бар. Олардың тағдырлары таңғажайып түрде жүздеген адамдардың тағдырларымен қиылысып, сөзбен де, іспен де айналасына әсер етеді. Желтоқсан айында филолог-ғалым, профессор Таисия Тимофеевна Савченко өзінің туған күнін атап өтеді. Оның бүкіл өмірі – бір кездері таңдаған жолына деген адалдықтың сирек үлгісі.
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен жас Тая Савченко дарынды жастардың ортасына түсті, оның курстастары болашақ филолог ғалым және сыншы Виктор Бадиков, ақын және аудармашы Тамара Мадзигон болды. Т.Т.Савченконың өміріндегі маңызды тұлға оның жетекшісі Александр Лазаревич Жовтис еді. Орыс және әлем поэзиясының керім білгіші, аудармашы, жазушы алпысыншы жылдардағы еркін рухты бейнесі ретінде танылып, шәкірттерін өзгенің көзқарасынан тәуелсіз, батыл да ұшқыр ойлы, адал болуға үйретті. Профессордың және оның аспирантының ғылыми және азаматтық батылдығы кандидаттық диссертациясының материалын таңдауда көрінді, ол кеңестік әдебиеттанушылар жете бағаламаған Николай Заболоцкийдің поэзиясы болды.
Донецк қаласында (Украина) диссертациясын сәтті қорғап шықты, Т.Т. Савченко туған жері Қарағандыға оралып, кәсіби тағдырын Қарағанды мемлекеттік университетімен байланыстырды. Профессор А.Н. Тен, Х.М. Жұмабаева, С. Матяш және басқа әріптестерімен бірге Таисия Тимофеевна филология факультетінің негізін қалаушылардың басында тұрды. Әдебиетті терең білетін және бағалайтын Евней Арыстанұлы Бөкетов, сол кездегі ҚарМУ-дың ректоры, көптеген жылдар бойы Таисия Тимофеевна басқарған орыс және шетел әдебиеті кафедрасына ықыласы ерекше болатын .
Оның орыс әдебиеті, әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы бойынша дәрістері студенттердің көптеген ұрпақтарының есінде. Бұл дәрістер ешқашан жай монолог болған емес, бәрімізді толғандыратын тақырыптарды қозғайтын құнды әңгіме түрінде өтетін. Әрине, асыл жан, дарынды ұстаздың еккен жемісі құнарлы топыраққа түсіп, көктеп шыққаны сөзсіз.
Таисия Тимофеевнаның көптеген шәкірттеріне тек мамандық бойынша ғана емес, өмірде де дұрыс шешім қабылдауларына көмектесті. Бүгінде қаланың барлық жоғары оқу орындарында, мектептерінде оның бұрынғы студенттері, аспиранттары жұмыс істейді, олар парасатты, жақсылық пен мәңгілікті себуді жалғастыруда.
Таисия Тимофеевна өз жұмысын бір күн де тоқтатқан жоқ. 2014 жылдан бастап Таисия Тимофеевна Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі мен мәдениеті кафедрасында жұмыс істейді. Университет студенттері мен оқытушыларының құрметіне ие. Бұл дана адам, жан-жағына оптимизм таратып тұрады. Бұл кісіні қазіргі «кәсіби күйіп кету» дейтін сәнді құбылыс айналып өткен дерсің, нағыз үлгі ететін ұстаз.
Заман өзгеруде, онымен бірге құндылықтар мен басымдықтар елеулі өзгерістерге ұшыраған. Бірақ біздің аға әріптестеріміз салған іргетас берік болып шықты. Бүгін Таисия Тимофеевнамен кездескенде, сіз оның өз ісіне деген адалдығына және гуманистік идеялардың жеңісіне деген шексіз сеніміне еріксіз таң қаласыз. «Сөз ешқашан өлмейді және әлемге әрқашан сөздің құзыретін білетін адамдар қажет болады…».
Әрине, Таисия Тимофеевнаға мерейтойы қарсаңында ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас кездесулер тілейміз. Өміріңіз мәнді болсын, алдыға қойған мақсат–тілектерініз орындала берсін.
Өміріңіз жаксылық шарапатына бөленсін, қасыңызда әрдайым жаныңызға жақын жандар болсын.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары
Күлпейісова Т.С. ф.ғ.к.,
Насырова Ә.Б. п.ғ.к.