Қобызшы қыз
Қарағандылық қобызшы әлемдік конкурстарды бағындыруын жалғастыруда. Шахназе Ильясова бұрын халықаралық онлайн-конкурс Golden Time Talent сайысында бірінші орын алған болатын. Ал қазіргі таңда оны ғаламдық таланттар конфедерациясының алмазды серіктестерінің тізіміне енгізді. Өнерпаз қыздың алдағы мақсаттарының бірі қобызды қазақ жұртының ұлттық аспабы екенін дәріптеу.
– 1930 жылдары біздің елде халықаралық оркестр құрыла бастады. Ол кезде бізде скрипка деген аспап болмаған еді. Былайша айтқанда, бізде домбыра, ерте заманнан келе жатқан қылқобыз болмады. Қысқаша айтқанда, сапраноны бір нотада ұстап тұратын скрипка болмады, – дейді музыка пәнінің мұғалімі Шахназе Ильясова.
50-ші жылдары композитор Ахмет Жұбанов дәстүрлі қобызды қайта жасап, жаңартты, – деп әңгімелейді кейіпкеріміз. Қобыздың ішек-тіректері скрипканың ішектері сияқты металл болды, ал беті ағашы жабық еді. Осылайша, қобыз-прима пайда болды. Сондықтан бүгінгі таңда скрипкаға жазылған барлық шығарманы қобызда ойнауға болады. Шахназенің осы аспапта орындаған өнері оған Ұлыбританиядағы Golden Time Talent халықаралық онлайн конкурсында жеңіске жетуге мүмкіндік берді, ал жақында оны әлемдік таланттар конфедерациясының алмаз одақтастарына қосты.
– Мені анам 3 сыныпта музыка мектебіне берді. Мен ол кезде 9 жаста едім. Содан бері ноталармен жұмыс істеп келемін. Былайша айтқанда, 2021 жылы колледж бітіргенге дейін. Сол кезден қазірге дейін мен жалпы алғанда 3 жыл музыкамен айналыспадым, – дейді Шахназе Ильясова.
Үш жыл бойы Шахназе қолына аспап алмаған. Деседе ол қобызда ойнау менің мақсатым, әрі өмірлік ұстанымым дейді. Алдымен ол ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға сабақ беруші болып жұмысқа орналасқан. Кейін халықаралық конкурстарда өз шеберлігін көрсетіп, қобызды танымал етіп, Қазақстанды әлемге танытты. Өз үлгісімен мейлінше көп баланы қобызда ойнауға шақырғысы келеді.
– Қазір мен біраз оқушыға қобызды үйретіп келемін. Маған олардың көздеріндегі от ұнайды. Сондай құлшыныспен оқиды. Бәлкім олар менің осылай халықаралық сайыстар өнер көрсеткенімді көріп шабыттанатын шығар, – деген пікірде жас маман.
Шахназе Ильясова барлық алдағы жоспарымен толығымен бөліспесе де алдағы уақытта ол кезекті халықаралық конкурсына дайындық үстінде екенін айтып қалды. Онда ол белгілі қазақстандық композитордың шығармасын ұсынуды жоспарлап отыр.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,
«QH»