«Бәріміз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»: Абай ауданы мен Шахтинск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар өтті

Шахтинск қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Бәріміз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» форумы мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен қаланың белсенді жастары арасындағы диалог алаңына айналды.

Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге байланысты негізгі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартудағы цифрландырудың рөлі, қоғамдық бақылаудың маңызы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру әдістері.

Адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Форумды ұйымдастырушылар – Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі және Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы.

Абай ауданында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған қорытынды форумға 90-нан астам адам қатысты. Онда бірнеше байқаудың нәтижесі шығарылды, оның ішінде оқушылардың эсселері, «Брейн-ринг” және «Үздік бейнеролик» конкурстары қорытындыланды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Үздік бейнеролик» байқауында Зарина Айбек жеңіске жетті.

– Менің ойымша, мұндай байқаулар өте маңызды. Олар адамдарға сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсінуге көмектеседі және онымен қалай күресуге болатынын үйретеді. Мұны бала кезден бастау керек, сонда бәрі адал және әділ өмір сүруді үйренеді, – дейді Зарина.

 

Форумға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді жолы – білім беру мекемелерінен бастап ерте жастан бастап алдын алу деген ортақ пікірге келді.

Форумды ұйымдастырушылар – Абай ауданының ішкі саясат бөлімі және Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/898811?lang=kk