«Qalleki» театр лабораториясы Қарағанды қаласында

Қарағанды қаласына Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Qalleki» театр лабораториясы гастрольдік сапармен келеді.

Қарағандылық өнерсүйер қауым 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасын тамашалай алады.

Режиссері – Базыл Сұлтанғазы.

Осы күні сағат 20:00-де көрермендерге «Кешкі 7» спектакль-концерті ұсынылады.

Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева.

Қойылымдар С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ақпараты бойынша