Қазіргі уақытта ковидтік ауруханаларға covid-19 белгілері бар көбінесе бұрын екпе алмаған зейнеткерлік жастағы азаматтар түсуде

Қазіргі уақытта ковидтік ауруханаларға covid-19 белгілері бар көбінесе бұрын екпе алмаған зейнеткерлік жастағы азаматтар түсуде. Короновируспен ауырғандардың ішінде екпе алмаған жандарды емдеу қиындық тудырады. Себебі ол адамдарда жұқпалы ауруға қарсы иммунитет қалыптаспаған. Дәрігерлер COVID-19 дертінің тек екпе арқылы ғана алдын алуға болатынын айтады.


Мамандардың пікірінше, ауыр жағдайда короновируспен ауырғандардың 97% — екпе алмаған. Кейбір адамдарда дерт басталғанда симптомсыз, ешқандай белгі білінбеуі де мүмкін. Ал, екпенің толық курсын алған адамдарда дертке қарсы иммунитет қалыптасады. Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында екпе алмаған ковидпен ауырғандар ғана емделеді. Оның ішінде екпе алмаған науқастардың көпшілігі қарт адамдар. Қариялардың өкпесі жедел зақымданып, асқынып кетеді екен.
Ауруханадағы 200-ге жуық науқастың 12-сі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Негізінен бұл госпитальда емделетін пневмониямен дертін жұқтырғандар. Сондай-ақ мұнда тек ересектер ғана қаралады. Пневмонияға қоса, адамдардың өздерінің бұрынғы қосымша ауруы да әсер етеді. Ауруханада күніне 20-ға тарта емделіп адам шығатындықтан, орын жеткілікті дейді дәрігерлер. Сондай-ақ екпе алмаған қарт адамдарды емдеу қиындық туғызатындықтан, бар адамға екпе алуды ескертеді.