Екпе – денсаулық кепілі!

Екпе – миллиондаған адам өмірін құтқаратын медицина ғылымының күмәнсіз жетістігі. Екпелер медицинаның қазіргі даму этапында нәтижелі емі табылмаған ауруларға қарсы жасалған.

Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазір көптеген адам балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияны өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі.

Әр мемлекетте халық арасында жаппай егілудің жүргізілуін қарастыратын алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесі қолданылады. Қазақстан Республикасының алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесінде 11 жұқпаларға қарсы екпе жүргізіледі: В гепатиті, туберкулез, күл, сіреспе, сал, қызылша, қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит, пневмококкты және гемофильді инфекция.

Ұлттық егу күнтізбесі бойынша сәбидің алғашқы күндерінен-ақ басталады. Бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби сондай инфекцияларға қарағанда мүлдем қорғаусыз дүниеге келді. Басқа жағдайларда, мысалы, туылғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін, қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті өңделе басталады.

Кейбір ел профилактикалық егулері болмаса, еліне кіруге тыйым салады. АҚШ-тың, Англияның оқу орындарында оқу үшін барлық профилактикалық егудің міндетті түрде болуын талап етеді. Сауд Арабияға кіру үшін діни парызын атқарушыларына менингококты инфекциясына қарсы, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және африкалық контитентінің өзге елдеріне бару үшін сары қызба дертінен вакцинасының болуын талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папилломавирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды.

Бұл өзгерістер Қазақстанда онкологиялық аурулардың өсуін ескере отырып енгізілді, бұл ретте қатерлі ісіктердің құрылымында жатыр мойны обыры 25 жастан 44 жасқа дейінгі әйелдерде екінші орында тұр. Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 мыңға жуық жағдайы және сол аурудан 300 мың өлім жайттары тіркеледі.

Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1 105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).

Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек. Егер де сіз бүгінгі күнге дейін егілмеген болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініңіз. Екпе барлық халыққа бірдей ақысыз және қол жетімді!

Егілуден бас тартпаңыздар, егілудің арқасында өздеріңізді және жақындарыңызды, балаларыңызды  жұқпалы аурудан сақтайсыздар.

Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы