Қарағандының екінші тынысы ашылды

«Қарағандының даму көкжиегі әлдеқайда кең» дейді Ермағанбет Бөлекпаев. Сөзінің дәлелі ретінде әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жыл басынан бері өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 113,1%-ға жеткенін атап өтті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 триллион теңгеден асқан. Ал оның 2,2 триллионы – өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ең бастысы, облыс экономикасына құйылған инвестиция көлемі артып келеді. Жыл басынан бері құйылған инвестиция көлемі 679,1 млрд. теңгеден асқан, бұл былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,6%-ға артық.

Соның арқасында биылдың өзінде облыста екі жаңа кәсіпорын ашылған. Жыл соңына дейін жалпы инвестициялық құны 200 млрд. теңге болатын тағы 8 жоба іске қосылады. Олардың ішінде мыс шығаратын зауыт пен ферросилиция өндіретін зауытты айрықша атап өтуге болар. Жаңа кәсіпорындар 2626 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.