Жұмыс істейтін әр-бір екінші қарағандылық кәсіпкерлік саласында еңбек етеді

Қарағанды облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 230 мыңнан асты.

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Қарағанды тек көмір және болат шығаратын алып өндіріс ошағы деген стереотип қалыптасты. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы жаңаланып өзгерді. Бүгінгі таңда Қарағанды – сауда мен қызмет көрсету саласының жоғары үлесі бар үлкен орталық, агломерацияның негізіне айналды. Біздің облыста жұмысы бар екінің бірі кәсіпкерлік саласында, – деп атап өтті өңір басшысы.

Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау септігін тигізуде.

Облыс әкімі мысал ретінде «Іңкәр 1» металл өңдеу кәсіпорнын келтірді. Мемлекеттің көмегі арқасында ол бес жұмыс орнын 115-ке дейін көбейте алды.

– Біз елімізде алғашқылардың бірі болып бөлшек салықты 2% — ға дейін төмендеттік. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің, бөлшек салық төлеушілердің саны 16 есеге өсіп, 2,5 мыңға жетті. Осы жылдың 8 айында ШОБ салықтық түсімдері 16%-ға өсті, – деп толықтырды Ермағанбет Бөлекпаев.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877918?lang=kk