Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік органдардың 2024 жылғы 3 тоқсандағы тәртіптік тәжірибесіне жүргізілген талдаудың қорытындысы, Қарағанды қаласы және Қарқаралы ауданы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.
Профилактикалық бағыттағы сұрақтарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға заңнама талаптарын бұлжытпай сақтауға қатысты ұсынымдар берілген болса, әдеп жөніндегі уәкілдерге өз қызметін жетілдіруге қатысты ұсынымдар берілді.
Өз кезегінде, 2 тәртіптік істі қарау бойынша мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтамағаны үшін және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.