500 бірлік техника дайын
Қарағанды әкіміне алдағы қысқы маусымға көше тазалау бойынша кәсіпорындардың дайындық барысы туралы баяндалды. Ағымдағы жылы қаланы күтіп ұстауға 500 бірліктен астам арнайы техникасы – автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, шнекороторлар және т.б. бар 9 мердігерлік ұйыммен үш жылдық шарттар жасалды.
Екі аудан әкімдері қала басшысына барлық техника қыс мезгіліне дайын екенін, тайғаққа қарсы материалдар дайындалып жатқанын баяндады. Базаларда құм-тұз қоспасының қажетті қоры бар. Сіздер қала көшелерін, тротуарлар мен гүлзарларды сапалы тазалауды қамтамасыз етуіңіз қажет, әрбір учаскеге жауаптыларды бекітіңіздер. Биылғы жылы тазартумен ешқандай проблемалар болмауы тиістігін Ермағанбет Бөлекпаев айтып өтті. Әрбір ауданың көшелерін тазалау схемасы әзірленді және учаскелерге бөлінді. Қарағанды қаласында гүлзарларды қоспағанда, барлық тазаланатын көшелердің жалпы ұзындығы 887 км құрайды.