Тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті
2021 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жариялан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы «сары» аймақта орналасқан болатын.