Елімізде коронавирустық инфекциядан 1,8 мың адам айықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1895 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды  coronavirus2020.kz сайты. 

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 61, Алматы қаласы — 419, Шымкент қаласы — 126, Ақмола облысы — 45, Ақтөбе облысы — 153, Алматы облысы — 155, Атырау облысы — 10, Шығыс Қазақстан облысы — 196, Жамбыл облысы — 16, Батыс Қазақстан облысы — 81, Қарағанды облысы — 178, Қостанай облысы — 126, Қызылорда облысы — 37, Маңғыстау облысы — 24, Павлодар облысы — 93, Солтүстік Қазақстан облысы — 94, Түркістан облысы — 81.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирустың 910 832 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 852744 науқас індеттен жазылды.