Алу немесе жинау

Қоғамда кредитке деген көзқарас екіұшты. Халықтың бір бөлігі оны ауыртпалық және қаржылық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде қарастырса, екінші бөлігі үшін бұл – тұрмыстық техника сатып алудан бастап шұғыл ем ақысын төлеумен аяқтағанда, көптеген мәселелерді шешуге көмектесетін құрал. Бұл мәселені «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) талдаушылары толығырақ зерттеді.

«Робокэш.кз» МҚҰ-ның (Займер бренді) сервис клиенттері арасында жүргізген зерттеуіне сәйкес, сауалнамадан өткендердің жартысына жуығы (47%) өздерінің қарыз жүктемесін орташа деп бағаласа, 27%-ы кредит міндеттемелеріне жұмсалатын шығындарын төмен деп есептейді, ал қазақстандықтардың 19%-ы өз кредит жүктемесін жоғары деп санайды.

Тек 7%-ы тұрақты табысының немесе кредиттерінің жоқтығын алға тартып, баға беруге қиналды. Респонденттердің көпшілігі (шамамен 52%-ы) кредит бойынша төлемдердің табыстың төрттен бір бөлігінен аспауын оңтайлы деп санаса, 23%-ы бұл мақсатқа жалақысының үштен бір бөлігін жұмсауға дайын. Әйтсе де, 18%-дан астамы кредит төлеуге табысының жартысына дейін жұмсауға келіседі. Тек 4%-ы ғана табысының жартысына жуығын кредит төлеуге бөлуден үлкен қиындық көрмейді.

Барған сайын көбірек респонденттер микрокредиттерді гаджет немесе азық-түлік сатып алу үшін пайдаланбайтынын айтады. Азаматтардың 28%-ға жуығы соңғы 12 айда кемінде бір рет емделуге кредит рәсімдегенін мойындады. Соның ішінде едәуір бөлігін стоматологиялық қызметтер (сауалнамадан өткендердің 32%-ы) және талдауларды тапсырумен байланысты қызметтер (27%-ы) алады.

Дәрі-дәрмек сатып алуға осы санаттағы барлық шығындардың тек 14%-ы жұмсалған. Жөндеуге жұмсалатын микрокредиттер (54%) танымал бағыт болып шықты. Мұнда ең көп кездесетін шығындар құрылыс материалдарына (27%), әрлеу және лак-бояу материалдарына (38%), үй декорына (12%), терезелер немесе есіктер сатып алуға (9%) жұмсалған.

Бір қызығы, бұған дейін ең көп сұранысқа ие болған санат – «техника мен гаджеттер сатып алу» шығындары небәрі 22%-ды құраған. Бұл сегментте көбінесе құлаққаптар (34%), смартфондар мен планшеттер (24%) және аудиожүйелер (18%) кредитке сатып алынған.

Талдаушылар бұл тренд қарыз қаражатының шұғыл шығындарды кейінге қалдыруға болмайтын форс-мажор жағдайларында қайсыбір мағынада қауіпсіздік көпшігі ретінде қолданыла алатынын растайтынын көрсетеді.

Осылайша, нарықтағы микроқаржы қызметтерінің қолжетімділігі азаматтардың қаржылық қиындықтарын жеңілдетуге көмектеседі. Бұл ретте қарыз жүктемесінің деңгейін қадағалап отырған маңызды. Банктен немесе микроқаржы ұйымынан қарыз алушының қарыз жүктемесінің коэффициенті (ҚЖК) азаматтың тапқан табысының 50%-ынан аспауы тиіс екенін атап өткен жөн.