«EGOVKZBOT2.0» TELEGRAM БОТ-ПЛАТФОРМАСЫ – ҚҰҚЫҚТЫРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару.

Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтарына жылдам әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram бот ашылып, қызмет алушылар тарапынан туындап отырған мәселелеріне тез арада ден қойылып отыр.

Бүгінгі күнде аталған ботқа 56 мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының заңбұзушылықтар бойынша шағымы түсті.

Бұл ретте, заңбұзушылықтардың басым бөлігі мүлікке заңды құқықтарын тіркеу, құжат рәсімдеу, жер беру, сәулет және қала құрылысы қызметтері аясында орын алып отыр.

Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап етсе, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзса немесе негізсіз бас тартқан болса және т.б.) Сіз «EgovKzBot2.0» Telegram ботына өту арқылы шағымдарыңызға жауап ала аласыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты неізінде