Референдумдағы танымал тұлғалар
Еліне үлгі қоғам белсенділері. Бүкілхалықтық референдум күні қаламыздың танымал тұлғалары ерекше белсенділік танытты. Сайлау учаскелерінен өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер, спортшылар төбе көрсетті. Олар дауыс беру, халықтық таңдау турасында өз ойларымен бөлісті.
Алғашқылардың бірі болып атом электр станциясының құрылысына қатысты пікірін білдіріп, тарихи оқиғаға қатысқан К.Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының жетекші әртісі Галина Турчина болды. Актрисаның айтуынша, дауыс беру – азаматтық қоғамның дамуының көрсеткіші. «Дауыс бермес бұрын мен атом электр станциялары туралы көптеген мәліметті, бейбіт атомның адамзат игілігі үшін қалай жұмыс істейтіні туралы ғалымдардың пікірлерін оқыдым», – дейді ол.
– Барлық тұрғын бірігіп, осы тақырыпты қозғайды. Дауыс беру кезінде қалыс қалғысы келетіндерді байқамадым. Бұл біз үшін өте маңызды, халықтың үнін естігіміз келеді. Өнер адамдары да өз ойларымен бөлісіп жатыр, – дейді Қарағанды орыс драма театрының әртісі Галина Турчина.
Тағы бір сайлау учаскесінде Галинаның әріптесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды музыкалық комедия театрының жетекші солисі Елена Филинкова дауыс берді.
– Мен де өз азаматтық пікірімді білдіруге келдім. Жерлестеріміз дауыс беру арқылы, еліміздің дамуына үлес қосады. Біз барша ұжымдастарымызбен бірге келдік, – деді Елена Филинкова.
Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің басшысы таң атпай-ақ осындай маңызды мәселеге қатысты, шешім қабылдаудан ешкімнің де шет қалмауын тілге тиек етті. Қарағанды облысының ұстаздары да атом электр станциясын салу жөніндегі референдумды негізінен қолдады. Мектеп директоры Роза Жаскенқызының айтуынша, бүкілхалықтық референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр.
– Менің анамның аты Ханшайым, ол кісі 1942 жылғы. Қазір зейнеткер, үйде отыр. Бір жұма бұрын, референдум басталмас бұрын, ол кісі бізбен ақылдасып, референдумға бару керекпіз, дауыс беру керекпіз деп ой түйіндеді. Ол кісінің құндылықтары балалары мен немерелеріне әсер етті. Бізде, қалыс қалмай өз таңдауымызды жасадық, – дейді №16 референдум учаскесінің төрайымы Роза Құлмұханова.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы референдум өзін тікелей демократияның тиімді құралы ретінде танытып үлгерді, дейді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры, Қарағанды облысының Азаматтық альянсының мүшесі Серік Санаубаев. Спортшылар арасында алғашқылардың бірі болып Азияның үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың мүшесі Аделина Земс дауыс берді. Бойжеткен өз елінде алғаш рет дауыс беріп жатқанын және оған дейін барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, жаттығу мен жарыстарға байланысты шетелде дауыс беруге мәжбүр болғанын мойындады.
– Мен елімнің жауапты азаматы ретінде өз ойымды білдіруге келдім. Дауыс беру ойдағыдай өтті. Қиын түгі жоқ, мен үшін маңызды шара. Бұрын шетелдерде дауыс беретінмін, бүгін өз жерімде алғаш рет дауыс бердім, – дейді Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аделина Земс.
Аделинадан кейін қарағандылық танымал спортшы Данил Мұсабаев өз дауысын беріп қана қоймай, барлық отандасын тарихи оқиғадан шет қалмауға шақырды.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»