Құрмет көрсетілді

Қарағанды облысында мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Саланың 26 қызметкері аймақ әкімі сыйлығына ие болды. Салтанатты шара Кеншілер мәдениет сарайында өтті.

 

Дәстүрлі шараның алғашқы жүлдесін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов табыстады. Шара барысында ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева мерекелік салтанатты жиынның сәнін келтіріп, әсем ән мен ұлттың үні күймен көрерменді қуантты. Айта кетейік, облыс әкімінің үздік мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған сыйлығы 2019 жыл бекітілген. Осы жылдар ішінде кәсіби байқауға 2000-ға жуық адам қатысып, 500-ге жуық мәдениет және өнер өкілі лауреат атанған.

– Бұл енді жыл сайын өтетін шара. Сондықтан мәдениетте жүрген, өзіміздің шығармашылық жұмыстарды атқарып жүрген әртістер, әншілер, бишілер барлығы енді риза болған шығар деп ойлаймын. Сондықтан іштерінен іріктелініп алынды, – деді Қ.Байжанова атындағы концерттік бірлестіктің директоры Талғат Ыдырысов.

Сонымен қатар мәдениет пен өнерді өрістетіп, көпшілікке көңіл-күй мен шабыт сыйлайтын мамандықтың лауреаттары «Жыл әртісі» аталымы – Айдар Мұқашев, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының әртісіне берілсе. «Жылдың үздік театр режиссері» Айдын Салбанов, Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісіне бұйырды.

– Биыл «Жылдың үздік театр режиссері» атағына ие болып отырмын. Бұл бір еңбектің бағаланғаны. Бұл дегеніміз еліміздің, жеріміздің, Қарағанды жұртшылығына деген бір өмірімде жасаған тірлігімнің пайдасы тигендегі жауабы деп білемін. Қуаныштымын, жүлдеге ұсынған, дауыс берген Қарағанды жұртшылығына алғысым шексіз, – деді Айдын Салбанов.

Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің мерекесінде әкімнің арнайы сыйлығына сонымен қатар хореографтар, суретшілер, күйшілер, кітапханашылар және басқа да өз ісінің көптеген үздігі ие болды. Еліміздің мәдени, рухани дамуына қосар үлестеріңіз көп болсын, деген тілектерде айтылды.

Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»