Қарағандыда күзгі ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Алғашқы күзгі жәрмеңке, алдағы сенбі, 12 қазанда Global City СОО аумағында өтеді. Келесі екеуі 24 қазан мен 2 қарашаға жоспарланған.

Жәрмеңкелерде ауылшаруашылық, ет сүт өнімдері және облыс өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық құннан төмен бағамен ұсынылатын болады.

Сауданың басталуы – 09:00.

Global Сity СОО 134-ші есептік тоқсан, 921-ші құрылыс мекенжайында орналасқан.

Жәрмеңке орнына келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты негізінде