Әлемдегі коронавирус. Жаңалықтар
🔺Үндістан 4 қазаннан бастап Ұлыбритания азаматтары үшін міндетті карантин енгізеді. Британдықтар 10 күн карантиндік оқшаулануда болады. Бұған дейін Ұлыбритания үнділік вакцинация туралы сертификаттарды мойындаудан бас тартқан. Үндістан бұл шешімді кемсітушілік және тіпті «отарлау» деп атады.
🔺 Швейцарияда әр жаңа вакцина үшін 50 франк марапаты белгіленді. Барлық жаңадан вакцина салдырған адамды жергілікті биліктен алғыс ретінде пошта арқылы 50 франк купонын алады. Қазір елде халықтың шамамен 57% — ы коронавирусқа толығымен егілді.
🔺 Хошиминде барлық ересек азаматтар вакцинациядан кейін оқшаулау режимі тоқтатылды. Енді 9 миллионнан астам халқы бар Хошимин тұрғындары қайтадан үйлерінен емін-еркін шыға алады, өнеркәсіптік аймақтардағы зауыттардың жұмысына және тауарларды жеткізуге рұқсат етіледі. Алайда, елдің басқа провинцияларына сапарларға әлі де тыйым салынған.
⚡ Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК