Қазақстанда қанша адам екпе алды?
2021 жылғы 29 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 7 594 542 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 6 500 573 адам салдырды.