Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 186, Алматы қаласы — 485, Шымкент қаласы — 41, Ақмола облысы — 96, Ақтөбе облысы — 62, Алматы облысы — 162, Атырау облысы — 53, Шығыс Қазақстан облысы — 95, Жамбыл облысы — 53, Батыс Қазақстан облысы — 36, Қарағанды облысы — 184, Қостанай облысы — 104, Қызылорда облысы — 26, Маңғыстау облысы — 10, Павлодар облысы — 164, Солтүстік Қазақстан облысы — 71, Түркістан облысы — 50. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 878990.