Жас мемлекеттік қызметші

Жас мемлекеттік қызметші мектебіне жаңа маусымға құжаттар қабылдау басталды. Жобаға Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының соңғы курстарының студенттері мен магистранттары қатыса алады.

Жоба екі төрт кезеңнен тұрады:

  1. Құжаттарды қабылдау 10 қазанға дейін электрондық пошта shgs.2024@gmail.com арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Құжаттарын (жеке куәлік, оқу орнынан анықтама, Platonus-тан транскрипт) ұсынған тұлғалар шығармашылық эссе жазуға жіберіледі;
  2. Конкурстық іріктеу, эссе жазу және оны shgs.2024@gmail.com электронды поштасына жіберу;
  3. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалында оқыту;
  4. Жоба шеңберіндегі оқыту шаралары.

Жас мемлекеттік қызметі мектебіне қатысу үшін өтініштерді shgs.2024@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. Қосымша ақпараттарды @school_2024kz инстаграмм парақшасынан немесе +7 777 540 51 90, +7 778 100 23 51 телефон нөмірлері арқылы білуге болады.

Жоба «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»