Жоғары жалақы
Құрылысшыларға айтишниктер мен қаржы директорларына қарағанда жоғары жалақы ұсынылады. Себебі, Қазақстанда бұл салаға сұраныс артып келеді. Осы ретте келесі жылы ел тұрғындарының үштен бірінің ғана жалақысы көтеріледі деп күтілуде. Ал қалған мамандықтарда қазіргіден тек кемімесе артпайды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫҒА ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМЫ:
36% – ӨСІМ;
40% – ӨЗГЕРІССІЗ;
13,4% – ТӨМЕНДЕУ.
Ұлттық Банктің сауалнамасы бойынша, келесі жылы ел халқының 36%-ы кірістің ұлғаюына үміттенеді, көбісі өзгеріссіз қалады дейді, ал 13%-ы пессимистік көзқараста. Сонымен қатар, халықтың үштен екісінде жеке жинақ мүлдем жоқ. Сондай-ақ, келесі жылы құрылыс саласының мамандықтары бойынша елдегі ең жоғары жалақы тіркеледі.
БАС ҚҰРЫЛЫСШЫ 684,3 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП;
ҚОСЫМШАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУШІ 670 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП;
ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ 660,7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП.
Еңбек министрлігінің мәліметтері бойынша, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының басында бас құрылысшылар тұр, одан кейінгі қатарда қосымшаларды әзірлеушілер және қаржы директорлары бар. HeadHunter мәліметтері бойынша, жалақының ең жылдам өсуі. Техникалық қызмет инженерлері, сметашылар, автослесарлар және сантехниктерде болады. Жұмыс берушілер ұсынатын орташа жалақы – 303 мың теңге, былтырғыға қарағанда 15%-ға артық. Ал Қарағанды еңбек ұтқырлығы орталығының есептері басқа – орташа жалақы 200-ден 250 мыңға дейін. Ең жоғары жалақы – 600 мыңға дейін және одан жоғары. Автопарк жүргізушілерінде, кеншілерде, инженерлерде, электриктерде, кран жүргізушілерінде – 400-ге дейін.
– Егер елдегі ең жоғары жалақыны айтсақ, онда ол мұнайшыларда. Бірақ Қарағандыда олар жоқ. Жастар үлкен жалақы алғысы келеді, бірақ тәжірибесі болмаса қайдам, олар 250-ден жоғары жалақы алғысы келеді. Бізде 250 мың төлейтін де жұмыстар бар, бірақ дұрысын айтқанда 150 мың және одан жоғары деген дұрыс. Жақсы жұмыс өтіліне байланысты және қосымша жұмыс көлеміне байланысты, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов.
Кәсіпкерлер қауымдастығының пікірінше, жұмыс берушілер бұдан да жоғары жалақы ұсынуға келісер еді, бірақ ондайды тұрақты түрде жасай алмайды. Әсіресе шағын және орта бизнес үшін қиын. Сонымен қатар, жұмысшылардың өздері жұмыс берушілерден ең төменгі жалақыны алатынын және қалғанын конверттерде төлейтінін ресми түрде көрсетуді жиі сұрайды. Мұның себебі – жаппай несиелену, алимент бойынша қарыздар немесе басқа да сот шешімдері.
ЖҰПАР АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»