Еңбегі еленген – ел ағасы

Қарағанды ​​– менің тағдырым. Қаламыздың тарихы оның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың қызметімен тығыз байланысты. Олардың ықпалы болмаса, шаһар бүгінгідей көрікті болмас еді. Осындай біртуар жерлестеріміздің бірі – қалалық мәслихаттың хатшысы, Қарағанды ​​қалалық қоғамдық кеңестің экс-төрағасы Қабдығали Нұрғалиұлы Оспанов бүгінде 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Оспанов Қабдығали Нұрғалиұлы 1949 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласында дүниеге келіп, өзінің саналы ғұмырын қаламыздың өркендеуіне арнады. 1972 жылы политехникалық институтта инженер-құрылысшы мамандығын алып, темір-бетон зауытына жұмысқа орналасып, шебер қызметінен цех бастығына дейін көтерілді. Қабдығали Оспановтың ұйымдастырушылық ұшқыр маман ретіндегі қабілеті елеусіз қалмады. Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің түрлі бөлімшелерінде жалғастырды.

— Қабдығали Нұрғалиұлы, 75-жасқа толуда. Алла тағала Қабекене ұзақ ғұмыр, денсаулық берсін. Отбасына береке берсін, Қабдығали Оспановты біз көп жылдан бері білеміз. 1990-жылдары Киров ауданында әкім болған. Майқұдықта Октябрь ауданының әкімі болған кезде қатты араластық. Себебі, мен 1988-жылдан бері Бала Қажы мешітінде бас имаммын. Көмегін аямайтын, мешітке қолдау білдіріп тұрды, бірге талай қиын кезеңдерді бастан өткіздік, -дейді «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы.

1988 жылдан Қабдығали Оспанов Киров аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдар ішінде оның тікелей қатысуымен бірқатар серпінді жобалар жүзеге асырылды, оның ішінде Кеншілер ауылы салынды.

— Кейін аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. Оның бүкіл өмірі Киров ауданында өтті. Содан кейін ол Окрябрь ауданына әкімнің орынбасары болып барды, бірақ оның жүрген жолы, ізі – Киров кеншілер ауданында – мақтаныш болып қалды. Тынымсыз еңбек етті, сеніп тапсырған істі барынша соңына дейін жеткізетін, -дейді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды ​​облысының құрметті азаматы Валерий Громов.

90-шы жылдары Киров, одан кейін Октябрь ауданының әкімі болу Қабдығали Нұрғалиұлына бұйырды. Ол кезде Қарағанды ​​қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шаймерден Оразалинов болды.

2003 жылдан бастап қаламыз үшін, тағы бір маңызды тарихи жылдар басталды – қарағандылықтар Қабдығали Оспановқа өз дауыстарын беріп, оны үш рет депутат етіп сайлады. Ал 8 жылдан кейін ол бірауыздан қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Оның арқасында қала бюджетін қалыптастыру тәртіпті түрде қолға алынады, яғни, ол коммуналдық шаруашылықты, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға және туған жері Қарағандыны көркейтуге белсенді түрде ықпал етеді. Қабдығали Оспанов 7 жыл бойы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесті басқарса, 2017 жылдан бастап Қарағанды ​​қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды. Қабдығали Оспанов қоғамға қызмет етуді, халыққа қол ұшын созуды өзінің өмірлік кредосы деп санаған. Тіпті көптеген марапаттар мен ауыртпалықтар оның әлі де оқуға, заман ағымына ілесуіне кедергі келтірген емес.

АЙДЫН ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»