Тарифті төмендетеді ме?
Бұқара халық үшін қуанышты жаңалық болады ма? Мемлекет 5 ай бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін тоқтатқан кезде электр энергиясына тарифтерді төмендетуге уәде берген. Осылайша, монополистер мен тұтынушылар арасындағы делдалды жойды. Тарифті төмендету болды ма?
Халыққа көмір сататын жалғыз Қарағанды Рапид шахтасының директоры — 5 ай бұрын мәселені бірінші болып көтерді. Наурыз айының соңында оған шахта келісімшартты 3 күнде қайта жасалып, кепілдігі бар жеткізушіден энергия сатып алуы керек екендігі туралы хабарланды. Делдал — энергиямен жабдықтаушы ұйым жойылғаннан кейін тариф төмендейді деп уәде берді. Яғни, көмір де арзандауы керек еді.
— Электр қуатын төмендету бойынша сыйлық ешқашан болған емес. Егер сәуір айында біз делдалдардан электр энергиясын алған кезде 35 теңге 84 тиын төлесек, кейін делдалдарды алып тастап, бізді «Қарағанды Жарыққа» ауыстырғаннан кейін біз әр киловатт-сағат үшін 36 теңге 29 тиын төлей бастадық. Бұл жағдай өте күлкілі, -дейді «Рапид фирмасы» ЖШС шахтасының директоры Андрей Белов.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап пайдалы қазбаларды өндіруге салық қосылды, нәтижесінде халық үшін көмір тоннасы 2 мың теңгеге қымбаттады. Бірақ экономика министрлігінің деректері бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін тариф орта есеппен 9,8% — ға немесе 4 теңгеге төмендеген.
— Реттелмейтін электрмен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін шектеу арқылы барлық өткізілетін электр энергиясына мемлекеттік реттеуді белгілеуге мүмкіндік берді, сондай-ақ барлық тұтынушылар үшін тариф белгілеуге оң әсерін тигізді, -деп атап өтті ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы Аман Боранбай.
Алайда, энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының басшысы Сергей Агафонов төмендеу тек бірнеше жеткізушілерде болғанына сенімді. Сонымен қатар, энергия жеткізушілердің көпшілігі делдалдар жойылғанға дейін тарифтерді көтерді. Жалпы алғанда, мұндай шешім бұл салада барлық бәсекелестікті алып тастауға әкелді. Осылайша тек монополистер қалды.
— Екі альтернатива бар: ол цифрландыру немесе туыстарын жұмысқа қабылдап, оларға арнайы жалақыны белгілеу. Сіздің ойыңызша, монополист не істейді? Менің ойымша, ол бөлу арқылы шығындарды көбейтеді. Бәсекелесуге болатын жерде сол салаға барынша көңіл бөлу керек, осылайша шығындарды азайтады. Жеткізу сыйлықақысын азайту тиіс. Бәсекелестік неғұрлым көп болса, жабдықтау сыйлықақысы соғұрлым төмен болады. Ал бәсекелестік болмаған кезде жабдықтау сыйлықақысын кез-келген мөлшерге дейін көтеруге болады, -дейді Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов.
Нәтижесінде, монополистер жарыққа байланысты тарифтерді көтеруге белсенді өтінім беруде. Олар мұны жылына 2 рет жасауға құқылы. Қарағандылықтар үшін жарыққа тариф 1 шілдеден бастап 2 теңгеге өсті. Бұл электр энергиясын бергені үшін «Қарағанды-Жарықтың» үлесі ғана.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»