Театр маумысы ашылады
Қарағанды театрлары жаңа шығармашылық маусымның ашылуына шақырады. Қыркүйек айында қаламыздың екі бірдей театры жаңа шығармашылық маусымын ашады.
К.С.Станиславский атындағы орыс драма театры 94-ші маусымды А.Островскийдің «Доходное место» драмасымен бастайды.
Көрермендерді 8 қыркүйекте сағат 17:00-де күтеді. Режиссері – Рача Махатаев.
Билеттерді театр кассасынан, ticketon.kz және kassy.kz сайттарынан сатып алуға болады.
Анықтама телефоны: 30-12-04.
Ал С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 93-ші маусымды 18 қыркүйекте Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» музыкалық драмасымен ашады. Спектакльдің басталуы сағат 18:30-да. Режиссері – Айдын Салбанов.
Билеттерді театр кассасынан және tiketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»