Қарағандыда Шахтерлер күні атап өтілді
Қарағанды облысында өңірдің басты кәсіби мерекесі – Шахтерлер күні атап өтілді. 24 тамыз Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңы мерекелік шаралардың орталығына айналды.
Мерекені тойлауға бірнеше мың адам жиналды. Өз өнерлерімен Luina, Ninety One, «Банд’Эрос» тобы және басқа да көптеген әртіс көрермендерді қуантты.
Мерекелік шара түрлі-түсті отшашумен аяқталды.
Қазақстандық Shiza, RaiМ және JUZBIR жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер 25 тамызда Абай, Саран және Шахтинск қалаларында өтті. Қарағанды облысының әкімі бұл қалаларда болып, кеншілерді Шахтерлер күнімен құттықтап, олардың қажырлы еңбегі мен күнделікті ерлігі үшін алғысын білдірді.
– Құрметті жерлестер, Шахтердің еңбегі – бұл кәсіп, жауапкершілік және рухтың күші. Сіздер біздің үйлерімізді энергиямен және жылумен қамтамасыз етесіздер, елдің экономикалық тірегін қолдайсыздар. Біз өз шеберліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін еңбек әулеттерімізді мақтан тұтамыз. Сіздердің күштеріңіз, сіздердің рухтарыңыз біздің аймақты ерекше етеді. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын және шаңырақтарыңыз биік, жұмыстарыңыз жемісті болсын деп тілеймін! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Материал Қарағанды облысы әкімдігі сайтының ақпараты негізінде әзірленді