Жеке кәсіпкерлер салық режимін банк қосымшасында ауыстыра алады
Қазақстанда жеке кәсіпкерлер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасында ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерте алады. Kaspi.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметті іске қосты.
– Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Kaspi.kz мобильді қосымшасында тағы бір жаңа қызметті іске қосып отырмыз, оның көмегімен кәсіпкерлер өздерінің салық режимін және ЖК реквизиттерін өз бетінше өзгерте алады. Енді кәсіпкерлер құжаттарды рәсімдеуге аз уақыт жұмсап, бизнесін дамытуға көбірек уақыт бөле алады. Қазірдің өзінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Kaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылы көлік салығын, мүлік салығын, табыс салығын, жер салығын, кедендік алымдарды, ҚҚС және басқа да көптеген салықты төлеп жатыр, – деді Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
Былтыр Kaspi.kz онлайн қызметтерінің көмегімен 1,2 триллион теңге салық төленіпті. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында төленген салық сомасы 797 миллиард теңгені құрайды. Осы уақытта 16 миллионнан астам төлем жүргізілген. Жиі төленген салықтарға МӘМС жарналары мен аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және мүлік салығы еніпті. Бұдан бұрын кәсіпкерге ЖК деректемелерін және салық режимін өзгерту үшін құжаттармен салық басқармасына баруы немесе электронды цифрлық қолтаңба көмегімен салық төлеушінің кабинетінде өз деректерін өзгертетін еді. Енді бұл қызметті Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде әлдеқайда шұғыл орындалады. Қызмет барлық ЖК-ге олардың тіркелген орны мен уақытына қарамастан қолжетімді.
Kaspi.kz қосымшасында деректемелер өзгертілгеннен кейін бір тәуліктің арасында мемлекеттік органдардың базасында автоматты түрде жаңартылады. ЖК салық режимін және басқа деректемелерді қалай өзгертуге болатыны туралы толығырақ ақпаратты Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид қызметінен оқи аласыз. Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардың орталығында елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Аталған қосымшаны елімізде 14 миллионнан астам адам қолданады. Қосымшаның көмегімен қазақстандықтар комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды. Жеке қаражаттарын басқарады. Әуе және теміржол билеттерін сатып алу жағы да қолжетімді. Шетелге саяхаттау үшін турлар алады. Онлайн, үйге тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді зат сатып алады. Сонымен қатар бірегей қосымшаның көмегімен ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнес үшін Kaspi Pay суперқосымшасын да жасады, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді. Kaspi Магазин және Kaspi Жеткізу қызметіне қосылып, өз тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.
Жанбота БЕЙСЕМБАЙ, «QH»