Бөтелкені балмұздаққа айырбаста
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағанды облысының тұрғындары 110 мыңнан астам пластикалық бөтелкелерді балмұздаққа айырбастады. Акция халықты тәртіп орнатуға және қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасауға тартуға бағытталған.
Кем дегенде бес пластикалық немесе шыны бөтелке әкелген әрбір адамға ынталандыру ретінде балмұздақ берілді. Тазалық үшін күресте балалар мен жастар ерекше белсенді болған. Қабылдау пункттеріне отбасылар да келді.
Қарағандылықтар Майқұдық саябағында балмұздаққа бес пластик немесе шыны бөтелке ауыстырды. Нәтижесінде 50 мың бөтелке жиналып, 10 мың балмұздақ таратылды.
Акция облыс орталығының басқа да нүктесінде жалғасады.
– Атап өтсек, 30 шілде цирк алаңында, ал 31 шілде күні Оңтүстік-Шығыстағы Жеңіс саябағында өтті. Жақында қаланың басқа бөліктерінде де ұйымдастырылады. Қаламызды таза етейік! –деп қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады.
Теміртау тұрғындары 45 мың бөтелке жинап, 4 500 порция балмұздақ алды.
– Қала тұрғындары белсенді қатысты. Алдағы уақытта осындай акцияларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.
Акцияға қатысушылар 10 бөтелкені балмұздақ алатын талондарға ауыстырды. Ұйымдастырушылар бөтелкелерді санап қана қоймай, оның тұтастығын да тексерді.
Шахтинск тұрғындары 12 500 бөтелке тапсырған.
– Біздің тұрғындар акцияға белсенді қатысуда. Ең көп бөтелкелерді балалар мен орта жастағы адамдар тапсырды. Адамдар отбасылармен келді, қала бойынша жиналған бөтелкелер жинап балалар, еріктілер қатысты. Бірнеше сағат ішінде қала тазарып қалды, – деді Шахтинск қаласының әкімдігінде.
Қарқаралылықтар 4 500 бөтелке жинады. Саран, Ақтоғай және Абай аудандарының тұрғындары тазалық эстафетасын қолдады. Олар сәйкесінше 2 400, 3 000 және 2 000 бөтелке жинаған.
Акцияның бастапқы кезеңінде Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының тұрғындары 2500-ге жуық бөтелке жинады.
Пластмасса, шыны жинау арқылы облыс тұрғындары қалдықтарды қайта өңдеуге және аймақты таза ұстауға үлес қосады. Ең бастысы, балаларға экологиялық мәдениет дағдылары үйретіледі. Қоқыс жинау облыстың жас тұрғындары үшін бұрын-соңды осынша жағымды және қызықты шара болған емес, өйткені олардың әрқайсысы балмұздақ алды.
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасымен сәуір айында республика бойынша басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облымызда әлі жалғасып келеді.
Құралай Әлжаппар, «QH»