ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КІМДЕР КІРЕ АЛАДЫ?

Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының оқу орындары қалай жұмыс істейтіні туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин арнайы брифингте айтып берді. Оқыту штаттық форматта өтеді, алайда ересектер «Ashyq» қосымшасында сканерлеуден өтуі тиіс. Топтарды немесе сыныптарды біріктіретін бұқаралық іс-шаралар мен сабақтарға тыйым салынады.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің қабылдаған шешімі бойынша:

— 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуға рұқсат беру;

— мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес, толтырылуын белгілей отырып рұқсат беру;

— педагогтар мен персоналды жүз пайыз вакцинациялау талап етіледі (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және 3 ай ішінде covid-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); — бұқаралық — мәдени, тәрбие сыныптан тыс, ата-аналар жиналыстарын және осыған ұқсас ісшараларды өткізуге тыйым салу;

— мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

— бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, covid-19- ға қарсы вакцинациясы бар (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыру;

— шетелдік студенттерді тұратын елдің уәкілетті органының вакцинациялау анықтамасымен/ паспортымен расталған кезінде, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТРтестілеудің теріс нәтижесі болған кезде ғана күндізгі оқу форматына жіберу;

— мектеп жасына дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), студенттерді QR-код бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар — Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz арқылы тіркеу кезінде жіберуге рұқсат.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына кіруге жол берілмейді:

— респираторлық инфекция белгілері бар адамдар (жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуы 37 градустан жоғары);

— QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды;

— covid-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтер мен персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері ұйым ғимаратына кіретін есікке дейін ғана бара алады. Ал ғимараттың өзіне кіруге жол берілмейді.

Енді «Ashyq» жобасына барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиесілілік білім беру ұйымдары қосылады. 12 жастан бастап балаларды ерікті түрде тіркесе, 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар қатарды толықтыруға міндетті. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин арнайы брифингте айтты.

Жобаға педагогтар, қызметкерлер, ата – аналар немесе заңды өкілдер, келушілер мен білім алушылар, білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар, интернаттар қосылады, — деп нақтылады Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің басшысы.

Бұдан басқа, 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдарға кіруі «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформалар да ерікті түрде тіркеледі. Олар eGov mobile платформасындағы қосымшаның аналогтары бола алады. Мысалы: Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz немесе тікелей сайт — www.ashyq.kz.

Брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин демалыс күндері сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілгенін айтты. Алайда, сенбі және жексенбі күні шектеусіз қатынау үшін тұрғындардың «жасыл» мәртебесі болуы тиіс. Бұл шектеу тек демалыс күндеріне қатысты деп түсіндірді Юрий Леонидович;

— Бұл талаптар тек демалыс күндері ғана қолданылады. Жұмыс күндері қосымшаның жұмысына қатысты барлық талаптардың күші сақталады. Яғни келушілер «көк» және «жасыл» мәртебелермен СҮне өте алады.

Бастаманың негізгі себебі көптеген бизнестің тоқтап қалуында. Адамдардың біршама тобы екпе алғанына қарамастан, сенбі-жексенбі күндері кәсіп иелерінің жұмысына шектеу қойылды. Осылайша белгілі бір қауіпсіз орта құрылады деп сенеміз, өйткені вирусқа сезімтал адамдар азаяды. Бұл шектеу қоғамдық тамақтану орындарына қолданылмайды, — деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин «Ashyq» жобасына қатысатын ә л е у м е т т і к — э к о н о м и к а л ы қ нысандардың қызметіне қойылған шектеулер туралы да атап өтті.

Өзгерістер 28 тамызда күшіне енді.

Юрий Леонидовичтың айтуынша, шектеу белгілеріне сәйкес, нысандар келесідей жұмыс істейді:

— мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда орналасқан)

— толымдылығы 50% — ға дейін, 50 орыннан аспайтын;

— алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда орналасқан)

— тәулік бойы; — фуд-корттар — толымдылығы 20% — ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын;

— банкет залдары, мейрамханалар, дәмханалар көпшілік ісшараларды өткізбей, еске алу және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

— мәдениет нысандары (дайындық кезінде) — 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентті вакцинацияланған тұлғаларға;

— театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер – толымдылығы 30% — дан аспаған кезде;

— PlayStation клубтары, компьютерлік клубтар — толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Сондай-ақ, 12 және одан жоғары жастағы адамдар ғана жіберіледі;

— көрермендер келетін спорттық іс-шараларда нысанның толымдылығы 20%-дан артық болмауы керек;

— сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары тек алдын ала жазылу бойынша;

— спорт кешендері, спорттықсауықтыру орталықтары (жаттығулар) 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған адамдарды қабылдай алады.

Аружан АЛПЫСБАЙ,
QH