Сақтансаң сақтайды!

Қаламызда тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған акция өтті. Басты мақсат – қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларымен таныстырып, құлақтандыру. Өрт оқиғаларының көрсеткіші де аз емес, биылдың жарты жылында 234 өрт оқиғасы тіркелген.

Осылайша бірден өрт шыққаны жайлы хабар таратылды. Құтқарушыларға өрт жағдайында қаламыздың көп қабатты үйлеріне көтерілу және тілсіз жауды ауыздықтау әркез қиын екені айтпаса да белігілі. Десе де, осы шара арқылы қала тұрғындарына өрт орын алған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.

– ТЖД бүгінгі таңда, Қарағанды қаласында жалпы облыс аумағында, 28 метрден жоғары жоғарғы қабатты тұрғын үйлерде, ғимараттарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталу бойынша және өрт кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеті бойынша, біз арнайы осындай акция өткіздік. Жақында Астана қаласында Хан-шатыры тұрғын үйінде өрт шығып, тұрғындар сұрағы көп болған. Қазір біздің облыстың тұрғындары қауіпсіздік ережелерінен хабардар, – дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Аманбек Бисенбаев.

Облысымызда 45 өрт сөндіру бекеті бар. Соған қарамастан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау қиынға түсуде. Осы себепті де қала тұрғындарына құлаққағыс ретінде ұйымдастырылған аталмыш шара керек. Жаттығу барысында 28 қабатқа дейін су тартылып, 8 қабаттан бір адамды құтқарды. Осылайша өрт сөндіру қызметкерлері өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алды. Осы тұста тұрғындардан өрт оқиғасын алдын алуға арналған қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»